Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда ломбардқа қарақшылық шабуыл жасаған тонаушы қамауға алынды

Орал қаласындағы шағын аудандардың бірінде орналасқан ломбардқа қарақшылық шабуыл жасаған ер адам қамауға алынды. Оның қылмыс жасаған сәті сол жердің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Сондай-ақ күдікті бұған дейін де тонаушылықпен айналысып, өзгелерден ақша тартып алған екен. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Оралда ломбардқа қарақшылық шабуыл жасаған азамат қамауға алынды

Орал қалалық ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Бисеновтің айтуынша, Орал қаласындағы Қонаев атындағы шағынауданда орналасқан ломбардқа келген 1984 жылғы күдікті сол жердің қызметкерін пышақпен қорқытып, 105 мың теңге алып кеткен.

Ломбард тонаған күдікті сенбі күні қолға түскен. Қазір ол уақытша оқшаулау изоляторында қамауда отыр. Күдікті қамауға алығанға дейін бірнеше рет қарақшылық шабуыл жасап, қаржы тартып алумен айналысқан.

«Қазіргі кезде күдіктіге қарсы ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған төрт эпизод бойынша айып тағылып отыр. Қазіргі уақытты бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Орал қалалық ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары Нұрлан

Оқи отырыңыз:

Ақмола облысында ауыл тұрғыны полиция қызметкерін пышақпен жарақаттады

Астана аялдамасында қарт кісіні соққыға жыққан бұзақы ұсталды

ОҚО-да биылдыққа төртінші үшем дүниеге келді

Астанада күзетші абайсызда құны 2,5 миллион теңге тұратын әшекей бұйымдарды қоқысқа тастап жіберген

 

Талқылау