Астана аялдамасында қарт кісіні соққыға жыққан бұзақы ұсталды
Полицейлер Астана аялдамасында ер адамды соққыға жыққан бұзақыны іздестіруде. Бұл туралы Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы София Қылышбекова айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

“Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті – 30 жастағы жергілікті тұрғын қолға түсті. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде “, — деп хабарлады Қылышбекова.
Айтуынша, полицияға аталған оқиға бойынша арыз түспеген. Бұл орайда зардап шеккен азамат әлі де іздестіріліп жатыр.
Айта кетейік, Бұған дейін әлеуметтік желілерде автобус аялдамасында отырған қарт кісіні белгісіз адамның ұрған видеосы пайда болды.
Оқи отырыңыз:
ОҚО-да биылдыққа төртінші үшем дүниеге келді
Астанада күзетші абайсызда құны 2,5 миллион теңге тұратын әшекей бұйымдарды қоқысқа тастап жіберген
Екеуі дос болған: Министр полковниктің өліміне қатысты түсініктеме берді
"Жұмыстан шығаруға негіз емес": Астанада туристің видеосына түскен полицейлердің жұмыстан шығуы заңды ма
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды