Оралда қаржы пирамидасына 130 адам ақшасын салып, алданып қалған
Қаржы мониторингі агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті "World Money" компаниясының өкілдеріне қаржылық пирамида құрып, оны басқарды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Компанияның міндетті шарттарының бірі - 21 мыңнан 53 мың теңгеге дейінгі қаражатты төлеп, басқа қатысушыларды, соның ішінде WhatsApp және Telegram арқылы адам тарту болды.
2023 жылдың қаңтарынан бүгінге дейін қаржы пирамидасына 130 адам тартылған.
Аумақтық департамент облыстық прокуратураның үйлестіруімен компанияның қызметін ерте бастапқы кезеңде тоқтатып, алданған салымшылардың санын азайтуға мүмкіндік берді.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
"Егер сіз және сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының қызметіне тап болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша экономикалық тергеу департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз. Азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырамыз" деп ескертеді агенттіктен.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған