Оралда қалың қар еріп, жолды су шайып кетті
Оралда екі шағын ауданды байланыстыратын қалаішілік тас жолдың бір бөлігін су басып қалды. Еріген қарды құтқарушылар, полиция және жергілікті билік өкілдері шұғыл жоюға мәжбүр болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ТЖМ
Орал қаласындағы "Сарыарқа" ықшамауданында қалың қар еріп, аймақты су басты.
“Су қалаішілік тас жолдың төмен орналасқан бөлігін басып кетті. Көліктердің жүруіне тыйым салынбады, тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ”, – деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Оқиға орнында Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті мотопомпалар арқылы суды сорып жатыр. Полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері де жұмылдырылған.
Еске салсақ, Жетісу облысында да екі тас жолды су шайып кетті.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар