Жетісу облысында екі тас жолды су шайып кетті
Жетісуда облысында екі жолды су шайып кетті. Асфальтта үлкен ойықтар пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скриншот
Қопа өзенінің екі жағалауын қосатын жолда үлкен шұңқыр пайда болды. Апат салдарынан көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.
Ойтоған ауылында да тас жолды шайып кеткен. Төтенше жағдайға су деңгейінің көтерілуі себеп болған. Су тасқынына аймақтағы күрт күннің жылынуы әсер етті. Жолдар бірнеше сағатқа жабылды.
Мамандар көктемгі маусымнан кейін күрделі жөндеу жүргізуге уәде берді. Зақымданған жерлерге қосымша белгілер орнатылды.
“Жолдарды жартылай шайып, асфальтты зақымдады. Қазір көрсетілген аумақтар қалпына келтірілді. Ауа райы жылынған соң асфальт жабындысын құрылыс нормаларына сәйкес ауыстырамыз”, – деді Ақсу аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мадияр Нұрахметов.
Қапшағайда гидроскутер "үрлемелі диванға" соқтығысты: Әйелдің қуығы жырылып, қыз есін жоғалтқан
15 жастағы қыздың жамбас сүйектері бірнеше жерден сынып, жадынан айырылған
Әріптесінің хабарламасы алматылықты тротуарға құлаған бетон плитадан құтқарып қалды
Оқиға кезінде ол әріптесінің хабарламасына жауап беру үшін бір сәтке тоқтап үлгерген