Оралда ер адам із-түссіз жоғалып кетті
Оралда із-түссіз жоғалып кеткен 62 жастағы ер адамды төрт күннен бері іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" сайтына сілтеме жасап.

Ержан Шынтаев ақыл-есін жоғалтып алғанына бір айдан асқан екен. Қызы Әсемгүлдіің айтуынша, ол үйден 23 тамызда сағат 10.00-де шығып кетіпті.
«Біз ет комбинаты ауданында тұрамыз. Әкем үйден шығып кеткен, сол бойы оралмады. Оның есін жоғалтып алғанына бір айдан аса уақыт болған. Үйден шығып кеткен күні үстіне қара жолағы бар ақ жейде, классикалық шалбар, қоңыр аяқ киім киген. Полицияға арыз бердік, іздестіріп жатқандарын айтты», – дейді қызы.
Ер адамның туыстары егер оны көргендер болса, 8 777 569 02 38 немесе 8775 249 22 08 телефон нөміріне хабарласуларын өтінеді.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды