Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда анасы 9 айлық қызын эскалатордан құлатып алды (видео)

Оралда дәрігерлер тоғыз айлық қыздың өмірі үшін арпалысып жатыр. Анасы қызын эскалатордан құлатып алған. Оқиға сауда орталығындағы бейне бақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

бала

Кадрлардан әйелдің баласын ұстап, эскалатормен жоғарғы қабатқа көтеріліп келе жатқанын көруге болады. Бір сәтте бала анасының қолынан шығып кетіп, төменге құлап кеткен. 

Әлеуметтік желі қолданушысы оқиғаның көз алдында болғанын жазды.

"Жүрегім әлі ауырып тұр. Баланың басы ісіп кеткен, жерде жатты. Төменгі қабатқа құлады. Тірі қалды деп үміттенемін және дұға етемін. Біреудің кішкентай ханшайымы ғой", –  деп жазды желі қолданушысы. 

Денсаулық сақтау басқармасында 13 наурызда Asia Mall сауда орталығынан хабар келіп түскенін мәлімдеді. 

"Тоғыз айлық қыз эскалатордан құлап кетті. Зардап шеккен бала қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілді. Оған жабық ми-бас сүйек жарақаты, ми шайқалуы, қан құйылу диагнозы қойылды. Жағдайы өте ауыр, қыз өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", –  делінген денсаулық сақтау басқармасында. 

БҚО полиция департаментінде баланы 35 жастағы әйелдің бірінші және екінші қабат аралығында құлатып алғанын айтты. Бұл дерек бірыңғай сотқа дейінгі тергеу реестрінде тіркелген. Тексеріс жүріп жатыр.

Талқылау