Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда автобус жүргізушісі талмасы ұстаған бойжеткенді аман алып қалды

Оралда автобуста бойжеткеннің талмасы ұстап қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Уральская неделя" сайтына сілтеме жасап.

автобус

Оқиға бүгін №39 автобуста 2-аялдамада болған. Жолда бойжеткеннің талмасы ұстап қалған. Автобус жүргізушісі жедел жәрдем шақырып, салондағы басқа жолаушыларды сыртқа шығарып жіберген.

«Қыздың талмасы ұстай бастады. Сол кезде автобус жүргізушісі мен кондуктор тоқтап, ары қарай бармайтындарын айтты. Жолаушылардың барлығын салоннан шығарды. Сөйтіп дереу менің телефоныммен жедел жәрдем шақырды. Қыз бірнеше секунд есінен танып қалған. Бірақ оны жедел жәрдем алып кетті. Автобус жүргізушілері туралы ыоғт жаман айтады, бірақ жігіттер талмасы ұстаған қызды құтқарып қалды», – дейді Әлия есімді жолаушы.

Ал жүргізуші Александр Шайшников өз міндетін атқарғанын айтты. 

Облыстық Денсаулық сақтау департаменті хабарлама 08:12-де түскенін мәлімдеген. 
«29 жастағы бойжеткеннің эпилепсия ауруы ұстап қалған. Оны қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізді», – дейді баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпұсұнова.


 

Талқылау