Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орал тұрғыны қызын зорлады деп айыпталған 4 жасөспірімді ақтауды талап етті

Орал тұрғыны соттан қызын зорлады деп айыпталған 4 жасөспірімді ақтауды талап етті. Ол Тоқаевқа және БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитетіне айыпталған жасөспірімдерге қатысты әділетсіздік жасалып жатқанына назар аударуды сұрап хат жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: dzen.ru

Осы аптада Орал қаласының сотында топтасып қыз зорлады деп айыпталған 16-17 жас аралығындағы төрт жасөспірім мен 20 жастағы жігітке қатысты қылмыстық істің жарыссөзі өтті. Олар өткен жылдың 13 маусымында қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі бойынша қамауға алынған. Олардың тергеу изоляторында жатқанына бір жылға жуықтады.

Прокурор олардың кінәсі дәлелденгенін айтып, 7 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сот жабық есік жағдайында өтті.

Бұл істе назар аударарлық жайт, жәбірленуші деп танылған 12 жастағы қыздың анасы сотталушыларды ақтауды талап етіп отыр. Ол қызының бастапқыда өтірік айтқанын, оны ешкім зорламағанын айтады.

"Бұл фактіні барлық сот-медициналық сараптамалар мойындап отыр",- дейді әйел.

Айтуынша, қызы өткен жылдың қазан айында тергеушілерге өтірік айтқан.

"Мен бұл фактіні жазып алу үшін тергеуді талап еттім, бірақ мемлекет есебінен бізге берілген тергеуші мен адвокатымыз алаяқтық жолмен сотқа жіберілген айыптау актісіне менің қолтаңбамды алды", - дейді қыздың анасы.

Оның айтуынша, жарыссөз барысында оның адвокаты соттан айыпталушыларды кінәсіз деп тауып, ақтау үкімін шығаруды сұраған.

"Сот әділ өтуі керек. Мен бұл балалардың кінәсіз екенін дәлелдегім келеді",- дейді қыздың анасы. 

Жәбірленушінің анасы айыпталушы жасөспірімдер ұсталғаннан кейін бірінің екі қолы шығып, бірінің қолы сынғанына айтты. Оның ойынша оларды азаптаған. 

Қолдары шығып кеткен жасөспірімнің туысы полиция департаментінің басшылығы олардың баланың жарақаттанғаны туралы мәлімдемесіне және тергеу жүргізу туралы өтінішіне жауап бермегенін айтты. 

Алайда бұл іс бойынша тергеушілер үш рет ауысып, 8 айдан кейін сотқа келген.

Сот үкімді 31 мамырда шығарады деп жоспарланған.

Талқылау