Үздік фильм – “Оппенгеймер”: "Оскар 2024" жеңімпаздары анықталды
Лос-Анджелесте 96-шы “Оскар” премиясын марапаттау рәсімі өтті. Биыл Кристофер Ноланның "Оппенгеймер" блокбастері жеңімпаз атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото Lewis Joly
- Үздік фильм – “Оппенгеймер”
- Үздік режиссура – Кристофер Нолан – "Оппенгеймер" фильмі
- Үздік актер – Килиан Мерфи – “Оппенгеймер” фильмі
- Үздік актриса – Эмма Стоун – "Бедные-несчастные" фильмі
- Екінші пландағы үздік актер – Роберт Дауни-кіші "Оппенгеймер" фильмі
- Екінші пландағы үздік актриса – Давайн Джой “Оставленные" фильмі
- Үздік түпнұсқа сценарий – Жюстин Трие, Артур Харари "Анатомия падения" фильмі
- Үздік бейімделген сценарий – Корд Джефферсон "Американское чтиво" фильмі
- Үздік халықаралық фильм – "Зона интересов" — Ұлыбритания
- Үздік анимациялық фильм – "Мальчик и птица"
- Үздік түпнұсқа саундтрек – Людвиг Йоранссон — "Оппенгеймер"
- "Бір күнге 9 миллион теңге төледім": Құралай Анарбекова Нұрлан Сабуров пен Олжас Абайдың гонорарын айтты
- "Бетперде таққан адам": Мұқтаж жандарға көмектесіп жүрген блогер өзінің қайғылы оқиғасын айтты
- Үздік ән – What Was I Made For — "Барби"
- Үздік операторлық жұмыс – Хойте Ван Хойтема – "Оппенгеймер" фильмі
- Үздік монтаж – Дженнифер Лэйм "Оппенгеймер" фильмі
- Үздік көркемдік әрлеу – Шона Хит, Джеймс Прайс, Жужа Михалек "Бедные-несчастные"
- Үздік костюм дизайны – Холли Уоддингтон "Бедные-несчастные"
- Үздік визуалды эффектілер – "Годзилла: Минус один"
- Үздік дыбыс – "Зона интересов"
- Ең үздік макияж және шаш үлгілері – "Бедные-несчастные"
- Үздік қысқаметражды көркем фильм – "Чудесная история Генри Шугара" режиссері Уэс Андерсон
- Үздік қысқаметражды анимациялық фильм – "Война закончена! Вдохновлено музыкой Джона и Йоко"
- Үздік деректі фильм – "20 дней в Мариуполе"
- Үздік қысқаметражды деректі фильм – "Последняя ремонтная мастерская"
Марапаттау нәтижесі бойынша Нолан жеті жүлде, Лантимос төрт және Глейзер екі жүлде алғанын айта кетейік.
Бұған дейін мәдениет және ақпарат министрлігі миллиард қаржы бөлініп, алайда прокатта мүлдем табыс таппаған фильмдер туралы айтқан.