“Оператор РОП” ісіне қатысты сот отырысы: Айыпталушылар БАҚ-та фото-видео жариялауға тиым салуды сұрады
Елордадағы Байқоңыр аудандық №2 сотында "Оператор РОП" ісіне байланысты сот отырысы жалғасуда. Бұл жолы айыпталушылар соттан фото және видео материалдарды БАҚ беттерінде жариялауға тиым салуды сұрады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Оператор РОП" компаниясындағы қаржы жымқыру ісіне байланысты сот отырысында бұрғынғы экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұловтың адвокаты соттан фото және видео жасауға әрі жариялауға тиым салуды сұрады. Оның себебін адвокат “экс-шенеуніктің БАҚ беттеріндегі суреттері балаларына кері әсер етуі мүмкін” деп түсіндірген.
Сонымен қатар айыпталушылардың бірі, компанияның экс-Басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев те аталған талапты қолдады.
Аталған мәселе бойынша шешім шығару бейсенбі, яғни 20 сәуірде өтетін сот отырысына қалдырылды.
Еске салайық, бұған дейін айыпталушылар "Оператор РОП" ісіне қатысты Әлия Назарбаеваны сотқа шақыруды сұраған еді.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі