Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Оператор РОП" ісі: Компанияның экс-басшысы 920 миллион теңге залалды өтеді

Астанада "Оператор РОП" ЖШС-ның бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұқтарованың ісі қаралуда. Сотта оның 920 миллион теңге қайтарғаны айтылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Оператор РОП” ісі бойынша айыпталған Шынар Мұқтарова өзіне жүктелген барлық шығын 920 миллион 534 мың теңгені өтегені айтылды. Олар бұған дейін кінәні мойындау туралы мәміле түрінде іс жүргізу келісімін сұраған. Алайда прокурор келісім жасасудан бас тартты.

"Алдымен зиянды өтеуіміз керек деп айтылды. Біз бұл залалды тек Мұқтарованың мүддесі үшін ғана емес, сонымен қатар Коротенконың қарызын да өтедік. Оны Мұқтарованың қызы өтеді. Залалдың өтелуіне байланысты біз мәміле жасау туралы қайта өтініш білдіреміз", – деді оның адвокаты.

Адвокаттардың айтуынша, Мұқтарова бұл ақшаны дивиденд ретінде алған және оның заңдылығына сенген.

Еске салайық, халықаралық іздеуде жүрген "Оператор РОП" ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы Ш. Мұқтарованы шілде айында Біріккен Араб Әмірліктерінде ұсталып, Қазақстанға экстрадициялаған еді. 

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров қыркүйек айында куәгерлер Әлия Назарбаеваны "Оператор РОП"-тың соңғы бенефициары ретінде көрсеткенін айтқан еді.

Талқылау