"Араб әмірліктерінде жүрген": Оператор РОП-тың бұрынғы құрылтайшысы Қазақстанға экстрадицияланды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет халықаралық іздеуде жүрген "Оператор РОП" ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы Ш. Мұқтарованы Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға экстрадициялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол "Оператор РОП" ЖШС бас директоры С. Коротенкомен бірге 920 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінген.
27 шілде сағат 19:01-де Мұқтарова Астана қаласы әуежайының аумағында ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады