Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда 30 жастағы қазақстандық қаза тапты

Оңтүстік Кореяда ағынды суды тазарту кезінде қазақстандық жұмысшы қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, оны тоқ соққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото РИА Новости

30 жастағы отандасымызды тоқ соққан. Кейін ол ауруханаға жеткізілген. Артынша сол жерде көз жұмған. 

Оқиға 8 сәуір күні түстен кейін Чонджу қаласындағы шыны шығаратын зауыттың ағынды суларды тазарту қондырғысында болды. Қазірдің өзінде жергілікті полиция мен жұмыспен қамту және еңбек министрлігі оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

“Ол өндіріс орнында қайтыс болды. Қазір оның туыстарымен байланысып, барлық қажет құжаттарды дайындап жатырмыз”, – деді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Еске сала кетейік, Қазақстан Оңтүстік Кореяның Employment permit System жүйесіне қосылып, соның арқасында қазақстандықтар бұл елде заңды түрде жұмысқа тұра алатыны хабарланған еді. 

Бұған дейін екі мыңнан аса қазақстандық Оңтүстік Кореяда тұруға өтініш білдірген.  

Талқылау