Оңтүстік Кореяда қазақстандық азамат екі жарым жылға сотталып кетті
Оңтүстік Кореяда 7 жасар баланы қағып кеткен қазақстандық азаматты сот екі жыл алты айға бас бостадғынан айырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпара агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтемес жасап.
Зардап шеккенбаланың ата-анасы сотталған азаматты кешірмепті.
Олардың айтуларынша, баланың еміне 60 миллион вон (шамамен 55 мың доллар) ақша жұмсалыпты. Бұған қоса көлік астына түсіп қалған балаларын күту үшін ерлі-зайыпты жұмыстарынан шығуға тура келген.
Оқиға 16 қыркүйек күні болған. Қазақстандық азамат Кореяда көлік жүргізуге рұқсат берілген құжатсыз көлік айдап, баланы соғып кеткен. Оған қоса азамат оқиға орнынан іс суытып, елден қашып кеткен. Судьяның сөзінше, бала ауруханадан қараша айында шығыпты. Баланың әкесі сотталушы азаматтың анасымен кездесуден бас тартқан.
Баланы қағып кеткен азаматтың адвокаты Чой Хак Се жазаны әділетті емес екендігін жеткізді. Оның айтуынша, сот барысында жеткіншектің рұқсат берілмеген жерден жолды кесіп өтпекші болғаны анықталыпты. Ал сотталушы болса, балаға көрсетілген жәрдем бар екендігін көз жеткізген соң ғана кетіп қалған көрінеді. Бұған қоса қорғаушы азаматтық Қазақстандағы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне өз бетімен берулгендігін алға тартты.
"Сот үкімі баланың басына қатты жарақат келгендігіне байланысты қатты болды. Біз алдағы уақытта апелляцияға беріп, зардап шеккен тараппен келісетін боламыз. Мүмкін баланың денсаулығы қайта қалпына келіп жатса, оның ата-аналары өз шешімдерінен бас тартатын да шығар. Менің қорғанушы тарапым қазіргі таңда ақша беретін хәлде емес. Өйткені айтып отырған соманың көлемі өте көп", - деп мәлімдеді адвокат.
Бұған дейін қазақстандықтың Кореяда бала қағып кеткендігі айтылған еді. Одан кейін шетелде бала қаққан қазақстандықтың анасы кореялықтардан кешірім сұрапты.