Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда қашып кеткен қазақстандықты ұстағандарға 10 миллион теңге сыйақы беріледі

Оңтүстік Кореяда қашып кеткен қазақстандықты ұстағаны үшін 30 миллион вон (10 миллион теңгеден астам) сыйақы тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Korea Komek паблигінде  жариялған ақпаратқа сәйкес, 18 жастағы Нұрсұлтан Ырысбаев әуежайдан қашып кеткеннен кейін көлікке мініп кеткен. Оған жерлестері көмектесуі мүмкін. Түркістан қаласының тумасы Инсан қаласында жасырып жүр деген мәлімет бар.

Қазіргі кезде Кореяның барлық жолдарында күшейтілген рейдтер басталды. Ырысбаевты табуға көмек берген адамға 30 миллион вон (10 миллионнан астам теңге) ақшалай сыйақы беріледі.

“Нұрсұлтанға көмектесіп жүрген отандастар! Егер кімде-кім оған көмектессе немесе оның қайда екенін біле тұра бұл туралы хабарламаса, әсіресе Нұрсұлтанның қасындағы адамдар қорықпай жүгіне алады, сіздер туралы ақпарат еш жерде жарияланбайды!"- делінген хабарламада.

Жергілікті полиция Нұрсұлтанды өз еркімен берілуін, олай жасамаған жағдайда басқа қазақстандық азаматтарға және заңсыз мигранттарға қысым көрсетілетінін хабарлады. Ал Кореяға жаңадан келетіндер үшін елге кіру тәртібі күшейтіледі.

Блогер Самат Ахметжановтың айтуынша, Нұрсұлтанға көмектескен адамдар өз еркімен байланысқа шықпаса, айыппұл арқалайды. Оған қоса, Кореядан депортацияланады.

"Ұсталған екінші жігіт - Үмітжан сотталмайды. Бір аптаның ішінде елге қайтады. Біздің негізгі мақсатымыз – Кореяның түрмесін қазақстандықтармен толтырмау", - деді Ахметжанов.

Айта кетсек, жексенбі күні таңғы сағат 4:20-да 18 және 21 жастағы екі Қазасқтан азаматы депортацияға арналған ұшаққа отырмай қашып кетті. Екеуі автобустың терезесінен шығып, тікенді сым тартылған қоршаудан секіріп кеткен. Біреуі ұсталды. Ал екіншісі қашып кетті.

Екеуі Ташкент жақтан ұшып келді. Бірақ әуежайдағы кедендік бақылау оларды өткізген жоқ.

Талқылау