Оңтүстік Кореяда да ұшақ апаты болып, 47 жолаушы мерт болды (видео)
Оңтүстік Кореяда Муан әуежайына қонған кезде ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, қоршауға соғылды. Салдарынан 47 адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Yonhap
Оқиға таңғы сағат 9:07-де (Қазақстан уақыты бойынша 5:07) Jeju Air ұшағы Сеулден шамамен 288 шақырым жерде орналасқан Оңтүстік Чолла провинциясындағы Муан халықаралық әуежайына қонған кезде болды.
Бангкоктан қайтып келе жатқан ұшақтың бортында 175 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болған.
Муан әуежайындағы ұшақ апаты орнында 47 құрбан бар.
Билік құстардың соққысынан шасси істен шығып, апат орын алды деп санайды.
Ұшақтағы жолаушылар арасында Оңтүстік Кореяның 173 және Таиландтың 2 азаматы болған.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ел президентінің міндетін атқарушы Чхве Сан Мок ұшақ құлаған жерде құтқару операциясын жүргізу үшін бар күш-жігерді салуды бұйырған.
Қазақстандық төреші Олимпиадада ресейлік спортшының балын негізсіз көтеріп, өз елінің спортшыларына төмен ұпай қойған
Дегенмен ресейлік спортшы екі бағдарлама қорытындысы бойынша жалпы есепте алтыншы орын алды
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"