Оңтүстік Кореяда 10 адамды құтқарған қазақстандық азаматқа өрт сөндіруші қызметі ұсынылды
Оңтүстік Кореяның он тұрғынын құтқарған Әлиге өрт сөндіру қызметінде жұмыс ұсынылды. Алайда жігіт бұл ұсынысты қабылдамады, өйткені ол үшін Қазақстан азаматтығынан бас тарту керек еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Әли 29 сәуірде Канвондо-провинциясының Янян округінің әкімшілігінде марапаттау рәсімі кезінде айтты.
Сондай-ақ, Корея билігі Әлиге емделуге виза беру туралы шешім қабылдағаны туралы хабарланған. Бұл қазақстандыққа осы елде алты ай тұру құқығын береді. Осы уақытта оған Кореяда тұруға рұқсат беру туралы мәселе қаралады.
Сонымен қатар, Кореяның ірі компанияларының бірі Әлидің әйелі мен екі баласын Түркістаннан өзі тұратын Янянға әкелуге шешім қабылдады. Отбасы карантин мен шекаралар ашылғаннан кейін келеді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстаннан келген Әли есімді заңсыз мигрант Оңтүстік Кореяның он азаматын өрттен құтқарды.
Көптеген Оңтүстік Корея ақпарат құралдары Әлидің ерлігі туралы жазды, ал қамқор тұрғындар биліктен қазақстандық азаматтың елде қалып, ақша табуына көмектесуін сұрады.
Көп ұзамай Әли арнайы виза алды, және LG әл-ауқат қоры оны басқалардың өмірін сақтап қалған батырларға берілетін арнайы LG Personnel Award сыйлығымен марапаттады.