"Оны түрмеге тоғытамын": Жапа шеккен сот орындаушысы мәлімдеме жасады
Алматыдағы жанжал кезінде зардап шеккен сот орындаушысы шабуыл жасаған адамды түрмеге қамағысы келетіні туралы айтқан бейне хабарлама жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бәрі ойдағыдай. Тірімін-аманмын. Ол (соққы жасаған азамат) менің бауырымнан ұрғысы келді, бірақ өкпеме тиіп кетті. Соққыдан дем ала алмай қалдым. Қазір қайта қалпыма келдім, барлығы жақсы. Оны түрмеге тоғытамын", – дейді ер адам.
Айта кетсек, бұған дейін Алматыда нысанды сүру кезінде сот орындаушысы соққыға жығылғанын жазған болатынбыз. Ол аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғау туралы тиісті арыз жазған.
Сонымен қатар атақты боксшы Жанқош Тұраровтың бұл жанжалға қатысқаны да сөз етілген.
Спортшы өз кезегінде орын алған оқиғаға қатысты түсінік берді. "Мен ешкімді ұрған жоқпын, мен ұрсам адамдар өліп қалуы мүмкін ғой", – деген Жанқош Тұраров.
"Қайда жұмыс істейсіз, қанша жалақы аласыз?": Қазақстан ата-аналары мектептердің жеке мәліметтерді сұрауына наразы болып жатыр
Мектептер өткізетін сауалнамалар легі ата-аналар тарапынан түрлі сауал туғызып жатқан көрінеді
"Үйден шығуға қорқамын": 17 жастағы қазақстандық қыздың жеке деректерін курстастары желіге таратып жіберген
Осы жағдайдан кейін оған бөтен адамдар жаза бастаған