"Оны кешірмейміз": Дәулет Тұрлыхановтың ұлынан зардап шеккен заңгер істің қалай жүріп жатқанын айтты
Еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, грек-рим күресінен қазақтың белгілі балуаны Дәулет Тұрлыханов Алматыда ұлы Нұрасыл төбелесіп, жарақаттаған адвокаттармен кездесті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап.

Жұбайымен бірге соққыға жығылған Анна Чернова Нұрасылдың әкесінің кешірім сұрағанын айтты.
"Біз құқық бұзушының әкесімен кездестік. Ол ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады. Өз кезегімізде оны кешірмейтінімізді айттық. Жас жігіт заң алдында жауап беруі керек. Ал іс баршаға сабақ болуы керек”,- деді Чернова.
Анна Чернова сонымен қатар істің әскери полицияға берілгенін және тергеудің жүріп жатқанын алға тартты.
“Бүгін тергеуші қоңырау шалды. Біз кездесеміз деп келістік. Әзірге жаңа ештеңе жоқ. Жалпы, бәрі әдеттегідей жүріп жатыр”,- деп қосты ол.
Еске салсақ, Танымал қазақстандық спортшы Дәулет Тұрлыхановтың ұлының үстінен адвокаттардың шағымы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.
Қазақстандағы және шетелдегі оқу ақысы қандай: Үздік 500 университетті салыстырып көрдік
Елдегі ең үздік университеттердің өзі былтырмен салыстырғанда төмендеп кетті
Қазақстанда сергек жүргізушілерді полициямен келісіп әрекет етті деп айыптады: Бұл схема қалай жұмыс істейді
Сергек жүргізуші алыста тұрғанын айтып, мас қызға рөлге отырып, сәл жақындауын өтінген