Starlink пен криптоәмияндар: 13 Қытай азаматы Қазақстанда алаяқтық схемасын ұйымдастырған
Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті заңсыз көші-қонға қарсы күрес кезінде 13 Қытай азаматын анықтады. Олар интернет-алаяқтық жасырын схемасын ұйымдастырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ҰҚК мәліметінше, ұсталған азаматтарды тінту кезінде компьютерлік техника, ұялы телефондар, "Starlink" спутниктік интернет байланысы жабдықтарының жиынтықтары, сондай-ақ криптоәмияндардағы ірі көлемдегі қаражат табылған.
“Осыған байланысты одан әрі тексеру Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрлігіндегі әріптестермен бірлесіп жүргізілді. Ұсталғандардың кейбірі өз елінде осыған ұқсас әрекеттері үшін іздеуде жүргені анықталды”, – деп мәлімдеді ҰҚК.
Комитет ұсталғандардың қылмыстық әрекеттері Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмайтын өзге елдердің азаматтарына қарсы бағытталған және шетелден үйлестіріліп отырған.
Сондай-ақ азаматтар 16 қазан күні әкімшілік тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылып, одан әрі тергеп-тексеру жүргізу үшін ҚХР-ның уәкілетті органдарына тапсырылған.
Еске сала кетейік, адамдарға қарызға ақша беріп, орнына үйлері мен көліктерін тартып алған Рита Утеуованың ісін кассациялық сот қарайды. Тергеу материалдары бойынша, әйел қарыз алушыларға алған ақшасынан бірнеше есе көп соманы шартта көрсетіп, мүлкін кепілге алған. Қарыз алушылар баспанасы мен көлігінен айырылған.
Қазақстанда бала туу қанша тұрады: Жүктілік пен сәбидің алғашқы айларына дейін қанша қаржы керек
