Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2027 жылы Қадір түні қашан болады

Ораза мешіт
Фото: depositphotos.com

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2027 жылғы діни мерекелер мен атаулы күндердің күнтізбесін бекітті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ҚМДБ мәліметінше, келесі жылы мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Қадір түні 5 наурыздан 6 наурызға қараған түнге сәйкес келеді.

Қадір түні – ислам дініндегі ең қасиетті түндердің бірі. Құран Кәрімде бұл түннің мың айдан да қайырлы екені айтылған.

Мұсылмандар Қадір түнінде құлшылық жасап, дұға тілейді, Құран оқып, Жаратқаннан кешірім сұрайды. Бұл түнді ізгі амалдар жасап, рухани тазаруға арнау дәстүрге айналған.

Діни басқарманың мәліметінше, діни күндер халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының есептеулеріне сүйеніп белгіленген. Дегенмен айдың тууына байланысты Қадір түнінің күні бір күнге өзгеруі мүмкін.

Діни күндер күнтізбесі
Фото: ҚМДБ

Еске салайық, 2027 жылы қасиетті Рамазан айы 8 ақпанда басталады. Ораза айт 9 наурызға сәйкес келсе, Құрбан айт мерекесі 16–18 мамыр аралығында өтеді.

Балнұр Рахматуллақызы
Дүйсенбі, 19 Қазан, 2026 13:12