AAPL
173.19 $
0.63 %
TSLA
927.96 $
3.1 %
NDAQ
191.95 $
0.8 %
GOOGL
122.08 $
0.33 %
FRHC
56.08 $
-3.06 %
AAPL
173.19 $
0.63 %
TSLA
927.96 $
3.1 %
NDAQ
191.95 $
0.8 %
GOOGL
122.08 $
0.33 %
FRHC
56.08 $
-3.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Оны қатыгез адам деп санаймын": Баян Алагөзова кіші қызы өзін қалай "тәрбиелейтінін" айтты

Баян Алагөзованың екінші қызы Айару Бақытбек қазіргі уақытта АҚШ-та білім алуда. 17 жастағы бойжеткен оқып қана қоймай, аз уақыттың ішінде Американың бірнеше штатын аралап үлгерген. Бұл жайт танымал продюсердің жүйкесіне салмақ түсіреді. Өйткені мұхиттың арғы жағына оқуға кеткен қызы анасының айтқанына көне қоймайды, оны өздігінше "тәрбиелейді". Бұл туралы Баян Мақсатқызы Harpers Bazaar басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мақсатқызының тұңғыш қызы Айсәуле де бір кездері Америкада тұрып келді. Алайда жанында жігіті болғандықтан, анасы ол үшін аса алаңдамаған.

"Айсәуле ол жаққа Әлішермен бірге (Айсәуленің қазіргі жұбайы), ал Айару жалғыз кеткендіктен, ол үшін көбірек уайымдаймын.
Егер Айсәуле жалғыз кетсе, ол кезде де уайымдар едім. Қанша жерден "жібер, әлемге сен" дейтін психологиялық кітаптарды оқысам да, өзімді тәрбиелеуге тырыссам да, сүйікті 17 жастағы баласын кіндігінен енді айырған ана сияқтымын. Бірақ мен бұл қадамды жасадым және оны жібердім”, – дейді Мақсатқызы.

Айтуынша, Айару сахаттағанды ұнатады. Ол жарты жылдың ішінде Американың 5 штатын аралап үлгерген. Бұл жайт Мақсатқызының жүйкесіне салмақ түсіруде. Себебі: 

"Оның алғашқы екі сапары маған ауыр тиді. Түсінесіз бе, адам рөлге отырып, 600 шақырым жер жүріп кетті. Немесе ұшаққа отырып, алты сағаттық жерге ұшып кетті. Мұндай мәселеге келгенде маған қиынырақ. Мұндай жағдайды байыппен қабылдайтын аналарды білемін. Ал өзім бұл жағдайды ұзақ өткердім. Қолымнан келер емес. Қазірдің өзінде ол қалада жүр. Мен оған күніне бірнеше рет хабарласамын. Ал ол мені қалай тәрбиелейді, білесіздер ме? Жай ғана тұтқаны көтермейді.   
Мен алаңдай бастаймын. Ол тұтқасын көтермейді, WhatsApp-қа жауап бермейді. 5-6 сағаттан кейін үрейім қашып, бесінші, оныншы адам арқылы оны іздей бастаймын. 



Ал ол: "Ана, сен енді осыған үйрен. Мен ересек адаммын, өзіме өзім жауап беремін. Мен сені солай тәрбиелеймін", – дейді. Мен оны қатыгез адам деп санаймын. Мысалы, Айсәуле ондай емес. Мен оған бірдеңе айтсам, ол бұлжытпай орындайды. Ал Айару мүлдем басқаша. Ол өзіне қалай ыңғайлы, солай жасайды", – дейді Баян Мақсатқызы. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр