Өнерге қайта оралған “Нұрлан мен Мұрат” дуэті бейнебаян түсіріп жатыр
«Нұрлан мен Мұрат» дуэті өнерге қайта оралмақ. Олар Астана қаласында кеш өткізіп, тыңдармандары жаңа бейнебаян ұсынбақ.
Бұл туралы «Таңшолпан» бағдарламасында айтылды.
– Жеке ән жаздырғаныңыз рас па?
– Мұны үлкен жаңалық деп айтуға келмейтін шығар. Бұл әнді екі жарым жыл бұрын Сағынтаев Данияр есімді бауырымыздан өзім қызығып алдым. Ол «Сіз айтыңыз» деп ұсынбаған еді. Сырттай осы әнді алғым келетінін айтып жүрдім. Тілегімді Данияр достарым арқылы естіген сияқты. Бір күні өзі қоңырау шалып ұсыныс жасады.
– Жуырда «Питерден келген оралман» фильміне саундтректі сіздің жазғаныңыз рас па?
– Жоқ. Бұл қате ақпарат. Ал фильмнің ішінде «Нұрлан мен Мұраттың» әндерінің орындалғаны рас.
– Сіздің мамандығыңыздың актер екенін көбісі біле бермейді. Алдағы уақытта отандық режиссерлерден киноға түсуге ұсыныс түсіп жатса қабылдайсыз ба?
– Мен Қазақфильмге суреттерім мен видеоларымды апаруым керек екен. Оны жасаған жоқпын. Бұдан кейін мені тауып шақырмайтындары анық. Яғни өзім әрекеттенуім қажет. Режиссерлер сырттан адам іздей қоймайды.
– Ұсыныс түсіп жатса, қандай рөл сомдағыңыз келеді?
– Белгілі бір рөлді сомдағым келеді деп айтпаймын. Ұсыныс түсіп жатса, алып кете беремін. Өйткені, мамандығымыз сондай.
– Ал өте қорқақ адамның образын сомдау үшін 15 кг салмақ тастауыңыз керек десе ше?
– Барлығына келісетін едім. Керісінше маған жақсы болатын еді. Ал 30 кг салмақ қосу керек деген сынды ұсыныстарға келіспейтін едім. Жүрегіме ауыр тиіп жүрер.
– «Нұрлан мен Мұрат» дуэті қазіргі таңда бар ма?
– Иә, құдайға шүкір, жұмысын жүргізіп жатыр. Үлкен жоспарларымыз бар. Жаз мезгілінде Астана қаласында «Нұрлан мен Мұраттың» оралуына орай концерт қоюды жоспарлап отырмыз. Үш-төрт күннің ішінде осы мәселені толық реттейміз. Ертеңнен бастап жаңа бейнебаянымыздың түсіріліміне кірісеміз. Бейнебаян «Айна» атты жаңа әнге түсіріледі.
– Әннің хит болуы сазгер, ақын, орындаушы үшеуінің ішінен кімге көбірек байланысты деп ойлайсыз?
– Бұл үштікті бөліп-жарып қарауға болмайды. Себебі, ән өзінің әншісін табуы керек. Сөзі әнімен үйлесуі керек. Мұнымен қатар, ән әншінің табиғатына сай болуы керек. Мысалы, біздің бұрынғы әндеріміз керемет, терең мағыналы туындылар емес. Ол, біріншіден, сол уақыт үшін жаңалық болды. Екіншіден, халықтың есінде тез қалатын болды. Шумақтарын орыстар мен кәрістер жаттап алатын. Қазір де жаңа әндер жазып жатырмыз.
Жіберіп алмаңыз:
Үш жасар Мирас бір жылдан бері Қайрат Нұртасты жылап іздеп жүр (видео)
Талғат Жорабаев кезінде сиыр сауып, күбі піскен (фото)
Төреғалидің жұбайымен түскен суреті желіні шулатты
Динара Қырықбаева желідегі қыздың тілін «қысқартуға» уәде етті