AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Онда тұрған не бар?": Жұлдыз Өмірғали күйеуімен сүйіскен суретіне қатысты

Отбасын құрғалы ел аузынан түспейтін Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали жақында тағы да сынға ұшырады. Мәскеудегі Третьяков галереясында Брежневтің фонында сүйіскен жұп аталған суретті желіге жариялаймын деп елден оңбай сөз естіді. Алайда Айқын да, Жұлдыз да мұны ерсі қылық санамайды. Бұл туралы Жұлдыз "Алматы" арнасының Paparazzi бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

"Айқын "түсе салайық" деді. Сол күні өзі жариялап үлгеріпті. Онда тұрған не бар деп ойлаймын. Әйелі мен күйеуі сүйісіп тұр. Біздің қазақ менталитетіне сай емес шығар. Бірақ кішкене болса да бұрынғы көзқарастан бері қараса екен деп ойлаймын”, –дейді Өмірғали.

Айқынның жары жастар Америка мен Еуропадан үлгі алса деген тілекте. 

Мысалы, Дженнифер Лопес пен Бен Аффлектің сүйіскен суретін барлық жұлдыз, блогерлер салады. Ал біздің сүйіскенімізді не себепті жақтырмайтынын түсінбедік. Біз одан жаман ештеңе көріп тұрған жоқпыз. Махаббатты суретпен үйлестіріп істеген туындымыз. Қалай болса да, көрді", – деді ол.

КешYou-ден кетіп, Айқынға тұрмысқа шыққалы Жұлдыздың әншілік мансабы тоқтап тұр. Сөзіне қарағанда, күйеуі оның әнші ретінде өскенін қаламайды. Есесіне актерлік шеберлігін шыңдауға қарсы емес. 


"Әйелінің түрі ұсқынсыз, Қайратпен ажырасқан": Әбдукәрімова ел арасындағы қауесеттер жайлы  


"Барлығы Айқынға байланысты. Ол жеке әнші ретінде өскенімді, гастрөлдетіп жүргенімді қаламайды. Әзірге Айқын Төлепберген бар. Кейін Айқын мен Жұлдыз болады. Бірақ бөлек Жұлдыз Өмірғали болмайды деген шешімге келді. Ал актерлік жағынан мүмкіндіктер береді, шектеулер қояды, әрине.
Ол: "Ойлап көрші, сен Астанада, мен Ақтауда, балалар Алматыда болса, оларға кім қарайды?" дейді. Әйел бірінші кезекте үйдің отын түтетіп отыратын адам болғаннан кейін, көбінесе үйде отырғанымды қалайды. Соған келісемін. Басқа амал қанша? Барлық қазақ келіншектері үйде отырып, жұмысын да жасап, балаларын да бағып үлгереді. Бизнесті де дамытып үлгеріп жатады", – дейді Жұлдыз. 
Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр