Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Онда таныстар бар": Головкин ата-анасының футболда қалуға қалай үгіттегенін айтып берді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин FOX News радиостанциясында The Ashley Webster бағдарламасына үлкен сұхбат берді. Боксшы 23 минут ішінде балалық шағы, карьерасы, АҚШ-тағы өмірі, отбасы туралы айтып үлгерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Головкин

Сурет: instagram.com/gggboxing/?hl=ru

Спортшы бала күнінде бокс секциясына футбол үшін барғанын жасырмады. Сондай-ақ, ата-анасының бокспен айналысуына қарсы болғанын жеткізді. 

«Дәл қазір ата-анамның бір кездері «Нағыз ужас» деп ойлағанын түсінемін. Олар көпке дейін маған футбол секциясында қалуды ұсынып келді. Себебі, ол жақта барлығы таныстарымыз еді. Осы соңғы рет деп жүріп бокста қалдым. Әртүрлі жарысқа қатысып, басқа қалалардан келген қарсыластарымды жеңіп жүрдім. Осылай бірнеше мәрте қайталанды», - деді Головкин. 

Мұнымен қатар, қазақстандық боксшы туған ағаларының соғыста көз жұмғанын жоққа шығарды. 

«Бұл туралы айтқым келмейді. Мұндай ақпаратты интернетке кімнің салып жібергенін білмеймін. Менің тарихымды ешкім айтып бере алмайды. Өзім қарапайым адаммын. Көбісі мені қауіпті адам деп ойлайды. Алайда тұлға ретінде менің болмысым мүлдем бөлек», - дейді ол. 

Геннадий Головкин Қазақстан мен шетелдегі өмірдің айтарлықтай айырмашылығы барын жасырмады. Десе де, жақсы немесе жаман айырмашылық екенін жіпке тізуден бас тартты. 

Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық боксшының IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы белбеу үшін жекпе-жегі 5 қазан күні өтеді. Оның қарсыласы – украиналық Сергей Деревянченко. 

Талқылау