Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өмірлік серігің – ең жақын досың": Ләйлә Сұлтанқызы анасының ерлі-зайыптыларға айтқан кеңесін жариялады

Белгілі журналист, телепродюсер Ләйлә Сұлтанқызы достық туралы сыр шертіп, анасының айтқан ақылын көпке ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/

Журналистің анасының айтуынша, ең үлкен достар – ерлі-зайыптылар көрінеді. 

“Ерлі-зайыптылар, мүмкін болса, бір-бірлеріңізден ештеңе жасырмай, жақсы әрі достық қарым-қатынаста өмір сүрсеңіздерші. Балалық дос дейді, орта буындық дос дейді, сыныптас дос дейді, жора-жолдастар деп жатамыз. Кейіннен ерлі-зайыпты болып, үйленіп, отау құрғаннан кейін жолдастар болады. Ең жақын досы өз жары мен ері: сырларын бірге айтады, отырып бірге шешеді, қатты сөйлеп қалса, жары кешірімді болады", – деді Ләйлә Сұлтанқызының анасы. 



Сонымен қатар медиа менеджер анасының ойын толықтырып, жазба жариялады. 

"Ең жақын дос – өмірлік серігің. Дастарқан басында үлкендердің әңгімесі тұнып тұрған философия ғой. Анамның әр әңгімесіне қайталаңызшы-қайталаңызшы деп осылай жазып алуға тырысамын. Мұның бәрі – естелік, тарих. Жұбайлар бар әңгімесі таусылған, ал махаббат – таусылмайтын әңгіме", – деп ойын түйіндеді журналист. 

Еске салайық, медиа менеджер "Күйеудің бәрі Бишімбаев емес" деп тұрмысқа шыққысы келмейтін қыздарға кеңес берді

 

Талқылау