"Өміріндегі трагедияны жеткізіп тұрғандай": Тележүргізуші Шахкерім Кәрмен жас әнші Садраддин туралы айтты
Отандық тележүргізуші Шахкерім Кәрмен жас әнші Садрадиннің концертіне барып, кештен алған әсерімен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
©instagram.com/shahkerim/sadraddinn
Шахкерім Кәрмен әншінің “Түн” деп аталатын әніне қатысты пікір білдірді. Тележүргізуші әке туралы тақырып қозғады.
“Садраддинның “Түн” әніндегі “әке жайлы айтпаймын, қозғамаймын өлең де” деген сөзі роман да баяндап жеткізе алмайтын адам өміріндегі үлкен трагедияны екі сөзбен жеткізіп тұрғандай. “Ұлым” демейтін әкелер болса да, “елім” дейтін ұл туады дегенменен. Елестетіңізші, 10 мың адам осындай ұлымыз бар деп мақтанып тұрды. Жаратқан ием жар болсын! Тілектеспін. Еркектерге “балаңыз өлеңге қосатындай өмір сүріңіз”, әйелдерге “балаңыз осындай болатындай өмір сүріңіз” дегім келеді”, – деп жазды.
Тележүргізуші парақшасында Садраддиннің концертінде түсірілген сәттерімен бөлісті.
Қапшағайда гидроскутер "үрлемелі диванға" соқтығысты: Әйелдің қуығы жырылып, қыз есін жоғалтқан
15 жастағы қыздың жамбас сүйектері бірнеше жерден сынып, жадынан айырылған
Әріптесінің хабарламасы алматылықты тротуарға құлаған бетон плитадан құтқарып қалды
Оқиға кезінде ол әріптесінің хабарламасына жауап беру үшін бір сәтке тоқтап үлгерген