"Өмірге қош келдің": Блогер Мерей Абилова екінші сәбиін дүниеге әкелді
Танымал блогер Мерей Абилова екінші сәбиін дүниеге әкелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол сүйінші жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, перзентханадан суреттер жариялады. Кадрларда блогер жолдасы Димаш Қашкен және жаңа туған ұлымен бірге түскен.
Айта кетейік, блогер ұлды болды.
“Ұлым, қош келдің өмірге! Аллаға Шүкір! 07.08.2026”, – деп жазған ол.

Мерей Абилованың оқырмандары мен өзге де блогерлер оны жарыса құттықтап, ақ тілектерін жаудырып жатыр.
“Жарайсың, Мерей. Бауы берік болсын”, “Құттықтаймыз! Денсаулық пен бақыт тілеймін”, “Ана мен сәбидің денсаулығы мықты болсын”, – деп жазды олар.
Еске салайық, бұған дейін блогер Мерей Абилова екінші сәбиін күтіп жүргені хабарланған еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар