Өмір бойы әріп танымаған 98 жастағы кейуана алғаш рет партаға отырды
98 жастағы Кения тұрғыны алғаш рет партаға отырды. Бала кезінде мектепке бармаған Присцилла Ситиени ғұмыр бойы не оқып, не жаза алмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Ұстаздар Присцилланы талпынысы мен тәртібі үшін мақтауда. Ал ғасыр жасаған оқушының өзі сыныпта өтетін сабақтарды да, дене шынықтыруды да ұнататынын айтты. Егде жасына қарамастан, Присцилла белсенді өмір салтын ұстанады. Үйдің тірлігіне араласып, егін егеді.
"Мектепте оқығым келеді деген кезде балаларым қолдады. Бірақ олар менің үлгерімім төмен болады деп алаңдады. Себебі мен оқи алмаймын. Мен оқуды да үйренемін дедім. Қолымнан келіп жатыр. Балалармен араласқан кезде өзімді бақытты сезінемін. Себебі осы дүние мені қалыпта сақтайды", – дейді Присцилла Ситиени.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті