Омикронды емдейтін сегіз дәрі аталды
"Омикронды" емдеу кезінде сегіз түрлі вирусқа қарсы препараттың әсері оңды екені анықталды. Аталған дәрі түрлерін дәрігерлер коронавирустың өзге штамдарын емдеу кезінде қолданған. Бұл туралы Гете атындағы Франкфурт және Кент университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу нәтижелерінде жазылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: Depositphotos
Омикрон коронавирустық инфекцияны емдеуге үмітті препараттардың сегізіне сезімтал болып шықты. Олар: EIDD-1931 (белсенді молнупиравир метаболиті), рибавирин, ремдезивир, фавиправир, PF-07321332 (нирматрелвир, паксловидтің белсенді ингредиенті), нафамостат, камостат және апротинин.
Айта кетейік, омикрон штамы өткен жылдың қараша айында Ботсванда анықталды. Мамандардың пікірінше, бұрын өзге штамдармен ауырғандар да, екпе салдырғандар да омикронды жұқтыруы мүмкін. Бұл штамның белгілеріне бас ауруынан бастап, шаршау, дененің сырқырап ауруы кіреді. Омикрон жүзден аса елде тіркелді. Оның ішінде Қазақстан да бар.
700 мың теңге бопсалады деген блогер полицияны үш рет жазықсыз түрмеге қамады деп айыптады
Блогер: "2021 жылы 3 ай 21 күнге, 2023 жылы 2 айға, 2024 жылы 1 жыл 6 айға қамалдым"
Намаз оқып, қызды салауатпен ұзатқан: Қазақстандықтар арасында тойдағы әрекет талқыға түсті (видео)
Жаңаөзендегі тойда дәстүрлі ән мен биге басымдық берілмеген