Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Омикрон жұқтырғандардың жартысынан көбінде кездесетін белгілер аталды

Бангладештегі омикрон штаммын жұқтырған науқастардың төрттен үші (73 пайызы) мұрыннан су аққанына шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме беріп хабарлайды. 

омикрон

Бангладештегі Денсаулық сақтау Бас басқармасының ресми өкілі профессор Назмул Ислам бас ауруы науқастардың 68 пайызында байқалды, пациенттердің 64 пайызы әлсіздік сезінген. Сонымен қатар осы штамммен ауырған адамдардың кем дегенде 60 пайызы жиі түшкіретіндерін айтса, 44 пайызы жөтелге шағымданған.

"Біз бұл белгілерге назар аударуымыз керек, өйткені олар маусымдық тұмаудың белгілері сияқты", – деді Ислам.

Омикрон штаммы немесе B. 1.1.529 қараша айында Ботсвана мен Оңтүстік Африкада табылды. Мамандардың айтуынша, онымен вакцина алған адамдар да ауыруы мүмкін. Жаңа штамм 110 елде, соның ішінде Қазақстанда анықталды. Ол алдыңғы дельта штамына қарағанда тезірек таралады.

Еске салсақ, пандемия кезінде әлемдегі ең көп халқы бар Бангладеште 1,7 миллионға жуық коронавирус инфекциясы анықталды.

 

Талқылау