AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Омикрон штамын жеңдік – Денсаулық сақтау министрі

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны неге күрт төмендегенін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ажар Ғиният

Министр омикрон штамын жұқтырғандар саны қысқа мерзім ішінде ғана артқанын атап өтті. Ол шамамен бір айға созылған - биыл 11 қаңтардан 9 ақпанға дейін.

"Бұл халықтың ұжымдық иммунитетіне байланысты болып отыр. Бірақ ауру әлі де таралуы мүмкін. Менің ойымша, вирус ретінде омикрон штамын жеңдік", - деп түсіндірді министр ОКҚ онлайн-брифингінде.

Ажар Ғиният бүгінде еліміздің барлық өңірі "жасыл" аймақта екенін еске салды.



"Бұл COVID-19 таралуын болдырмау үшін қабылданған шаралардың тиімділігіне байланысты болып отыр. Сонымен қатар әлемде омикрон штамын жұқтырғандар саны артып келеді. Бірқатар елде ол екі айдан аса уақытқа, кейбір елде үш айға созылады", - деп түйіндеді Денсаулық сақтау министрі.

Айта кетейік, бұған дейін вице-премьер Ералы Тоғжанов Ashyq қосымшасы алынып тасталғанына қарамастан, ғимарат ішінде маска режимін сақталатынын айтқан болатын. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр