Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Қазақстаннан кетті
Дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Лондонға (Англия) аттанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Спортшы әлеуметтік желіде британ астанасын белгілеп, ұшақтан және қонғаннан кейінгі суреттерін жариялады. БАҚ-қа берген сұхбатында Сметов ағылшын тілін үйрену үшін Англияға кетуді жоспарлап жүргенін айтқан еді.

-
Олимпиада жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг Қазақстан азаматтығынан бас тартпақ
-
Әлемді мойындатсам да, әйелдердің сөзін сөйлейтіндердің қатарынанмын – Елдос Сметов
"Қазіргі жоспар – ағылшын тілін үйрену. Сәтін салса, қаңтар айының басында Лондонға 4-5 айға ағылшын тілін үйренуге барамын. Бұл – бірінші кезектегі жоспар. Кейін спортты дамытуға үлес қосу үшін жаттығуды жалғастырамыз", – дейді Сметов.
Еске салсақ, бұған дейін Елдос Сметов Олимпиададағы жеңісінен кейін ағылшын тілін білмегені үшін намыстанғанын айтып берген еді.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
