Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиада жүлдегері Нұрислам Санаевқа жаңа BMW көлігінің кілті табысталды

Еркін күрестен спорт шебері Нұрислам Санаевқа Токио Олимпиадасында қола жүлде алғаны үшін жаңа BMW көлігі сыйға тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Санаевқа Алматы әуежайында жаңа көліктің кілті табысталды. Онымен бірге Токиода өткен Олимпиада ойындарында өнер көрсеткен басқа да қазақстандық спортшылар елге оралды. 

Нұрислам Санаев 1991 жылы Чаданда (Тыва, Ресей) дүниеге келген. Шын аты-жөні – Артас Санаа. 2014 жылдан бері Қазақстан құрамасында өнер көрсете бастады. Рио-де-Жанейро Олимпиадасының алдында аты-жөнін қазақшалап Нұрислам Санаев деп ауыстырды. 

Балуан 2018 және 2019 жылдары болған әлем чемпионаттарының күміс және қола жүлдегері. Сондай-ақ 2017, 2018 жылдары Азия чемпионаттарында қола және алтын медельдар жеңіп алған.

Токио олимпиадасында еркін күрестен 57 келі салмақта спортшы қола медаль иеленді. Ол үшінші орынға таласта болгариялық Георги Валентинов Вангеловті жеңді.



Нұрислам Санаев – Олимпиада ойындарында медаль жеңіп алған сегіз қазақстандық спортшының бірі. Одан басқа дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло, боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов, каратэшілер Дархан Асаділов пен Софья Берульцева Олимпиада тұғырына көтерілді. Олардың барлығы қола медаль алғаны үшін әрқайсысына мемлекеттен 75 мың доллар сыйақы беріледі. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр