Өлі деп танылған сәби үш жылдан кейін ата-анасына оралды
Үндістанда перзентхана кездейсоқ ауысып кеткен сәби туған ата-анасына үш жылдан кейін оралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NewsBytes басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Арада бірнеше күн өткеннен кейін ері мен әйелі ауруханаға қайта оралып, Назима Хатун есімді тегі ұқсас әйелдің дәл сол күні босанғанын және ол баланың да жан сақтау бөліміне түскенін анықтаған. Бұдан кейін ерлі-зайыптылар полицияға шағымданған.
Бір жылдан аса жалғасқан тергеу кезінде Хатунның ұлы шетінегі анықталды. Мейірбикелер екі баланы шатастырып алған.
2020 жылдың қазан айында тергеуші Барпета қалалық сотына ДНҚ сараптамасын жасату туралы өтініп жіберді. Ханамнан алынған ДНҚ үлгілері Хатун тәрбиелеген баланың ДНҚ-сымен толықтай сәйкес келген.
2022 жылы сот баланы Ханамға қайтару туралы шешім шығарды. Бұл кезде сәби үш жасқа толып қойған еді. Назима Хатунның күйеуі журналистерге берген сұхбатында ДНҚ тестіне өздеріне сенімді болғандықтан, келіскендерін айтты.
"Енді сот баланы Ханамдікі деп таныды. Біз есеңгіреп қалдық", – деді қайғыдан қан жұтқан ер адам.

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
