Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордалық жігіт маскүнемдіктен емделгісі келетінін айтты

Отандық бағдарламаға Қызылорда қаласынан Малика есімді келіншек келген. Айтуынша, сүйіктісі арақты судай сіміреді. Қой дегендермен ерегіседі, ішіп алып үйінен кетіп қалады. Сөйтіп айлап үйге келмейді. Ең сорақысы – маскүнем күйеудің жасы небәрі 26-да, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасының «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап. 

жігіт

«Өзім арақты қойғым келеді. Менің қызым бар, отбасыма қараймын дегендей. Сонымен үйден ешқандай қолдау болмады. Әйтпесе, анамның да ағайын-бауырлары көп. Кеше ішкенім рас, бірақ бүгін ішпедім. Ішкен кезімде зияны жоқ адамдарға тиіспеймін. Басым дым істемей қалады. Ешнәрсе есіме түспейді», - деді Самат. 

Әрі қарай ол неге ішімдікке салынғанын түсіндіруге тырысты.

«Үйде небір әңгіме болды. «Сенің балаң адам болмайды» деді. Өз баласына жауап бере алмаған адам маған қалай жауап берсін?! 2009 жылы атам қайтыс болды. Мен атамның қолында тәрбиелендім. Шешем маған қараған адам емес. Алты ай өтпей жатып тығылып күйеуге шығып алды. (...). Бір күні үйге әдейі таңертең сағат 6-ға 15 минут қалған кезде бардым», - деді ер адам. 

Осы жағдайдан кейін Самат ішімдікке салынып кеткен. Алғашында сырадан бастап, кейін араққа ауысқан. Ол өгей әкесінің туысқан ағасы екенін айтады. Оның үстіне - бір рудан. 

«Мен сізге еркелейтін шығармын. Мені кешіріңізші» деп айттым ол кісіге. Сөйтсем «Сен маған бала болмай-ақ қой. Сендей бала маған керек емес, мен саған әке болмаймын. Сен маған қажет емессің» деді. Ал туған әкем әскери болып жұмыс істеген, 5-қабаттан құлап көз жұмған. Ол кезде 3 жаста болатынмын. Білмеймін елдердің айтуынша. Бірақ, енді өз әкем тірі болса, жұрттан сөз естігенше, өз әкемнен сөз естігенім артық еді», - деді жас жігіт. 

Сондай-ақ, ол өгей әкесінің кенжесі өзінің сыныптасы болғанын тілге тиек етті. Кезінде екеуі төбелесіп, Самат сол үшін мектептен шығып қалған. 

Талқылау