Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өлген адамдардың күлін көрдім": Мадина Сәдуақасова демалыстан алған әсерін бөлісті

Танымал әнші, тележүргізуші Мадина Сәдуақасова Таиланд еліндегі демалыстан оралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/sadvakasovamadina/

Жаңа жылдан кейін әнші отбасымен ыстық жаққа аттанған еді. 

“2024-ке қуаттанып алдық! Таиландтың ыстығына күйдік. Андаман теңізінің тұзды суы, SРА, смузилар, шырындар. Бір бірімізден алған зарядты айтсаңызшы. Рақмет саған, Таи! Өз елімізге таяйық,. Жоспар көп, жұмыс көп. Жаңа күшпен, жаңа дүниелерді бастаймыз! Олжаста да жұмыс. Әнуар сабақтан қалған, бір апта оқуын қуып жетуі керек. 2024 жылға жоспарым таудай. Командам Мәкеңді күтіп отыр! Биыл бұйырса, сіздерді қуантатын жаңалығым көп. Сағындым, сүйдім, елде кездескенше!”, – деп жазды әнші. 


Сонымен қатар өнер иесі тарихы ерекше жерде болғанын да айтты. 

“Мына жақтың аурасы өте ауыр. Иісі де онша емес. Номерге келіп, интернеттен оқысам, мына ыдыстарға салынған өлген адамдардың күлі екен. Әнуар әкесімен бірге үңгірді аралап кетті. Менің кіргім келген жоқ, бірақ амалсыз соңынан еріп отырдым. Керемет әсер алып қайттым. Қорқынышты әрі қызық болды”, – дейді өнер иесі.

Сонымен қатар Мадина демалысына күйеуі демеуші болғанын айтып, мақтанды. 

“Қазақстанның әншісі келді деп сый-құрметін аямады. Осы демалысты ұйымдастырып, демеуші болған Олжасқа рақмет!”, – деп әнші оқырман алдында күйеуіне алғыс айтты. 

Әнші елге орала сала, Орал өңіріне гастролдік сапарға аттанған. 

 

Талқылау