Ольга Рыпакова Токио Олимпиадасының финалына өте алмады
Бүгін Токио Олимпиадасы аясында жеңіл атлетика бәсекелері басталды. Қазақстан командасынан бірінші болып үш қарғып секіру спортының өкілдері бақ сынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Олардың қатарында Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да бар.
Айта кетелік, жарысқа қатысушыларға үш мүмкіндік беріледі. Ал финалдық сынға 12 спортшы жолдама алады. Ол үшін 14, 40 метрді бағындыру керек.
Рыпакова өзінің ең үздік мүмкіндігінде 13,69 метрге секірді. Бұл финалға өту үшін жеткіліксіз.
Сондай-ақ іріктеу кезеңінде Мария Овчинникова мен Ирина Эктова да сынға түкен болатын. Олар жарыстың бірінші айналымынан аса алмай, 26-шы және 31-ші орын алды.
Еске сала кетейік, Ольга Рыпакованың еншісінде Олимпиаданың үш медалі бар. Ол 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында чемпион атанса, 2008 жылғы Бейжің ойындарында күміс, 2016 жылғы Рио Олимпиадасында қола медаль жеңіп алған.
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.