Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Өлді деуге аузым бармайды": Димаштың Денис Тен туралы жазбасы жұртты жылатты

Күні кеше мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің көз жұмғанына бір жыл толды. Осы орайда марқұм досына арнаған Димаш Құдайбергеннің жазбасы жұртты жылатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Денис Тен

Әнші Димаш Құдайберген желідегі парақшасында Денис Тенге арнаған жазбасын бөлісіп, оның әрбір қазақстандық үшін мәңгі үлгі болып қала беретінін айтты. 

«Өзіңмен жүздескен, тілдескен, танып білген әр жанның мәңгі сана-сезіміндесің. Сен әрдайым менің есімдесің, жүрегімдесің досым. Сенің бойыңдағы қасиет: өз ұстанымыңа беріктігің, ерен еңбегің, кәсібіңе деген құрметің, отанға деген адалдығың - еліңе, жас ұрпаққа үлгі, қағида болып қала береді!» - деп жазды Димаш Құдайберген. 

Бұл жазбаны оқыған желі қолданушылары өз кезегінде оның жүректі қарып өткенін жасырмады. Денис Тенсіз өткен бір жылдың да оңай болмағанын жарыса жазды.

«Денис өлді деп айтуға аузым бармайды. Ол туралы естеліктер барда, ол мәңгілік жадымызда. Орны толмас қаза, Денис, біз сені мәңгілік жақсы көреміз», «Бұл қазаны әлі күнге дейін қабылдай алмай келемін» деп жазды желідегілер.  

Естеріңізге сала кетсек, Денис Тен 2018 жылы 19 шілде күні ұрылардың қолынан көз жұмды. Бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Себебі айыптылар оның мәнерлеп сырғанаушы екенін білмегенін айтып ақталды. 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Диетасыз арықтаудың тиімді жолы табылды

Жай пиццаның өзінде 678 калория бар, үлкен пиццада — 1923

Танымал тележурналист Димаш Құдайбергенді әлемнің жаңа секс-символы атады 

Әнші "Olympic" атты әсем әнімен Сочи қаласында өтетін "Новая волна" жас дарындар байқауын ашты

Қазақстандық әйел бір жыл бұрын ресейлік экс-күйеуі алып қашқан баласымен қауышты

Ашынған ана Владимир Путиннен баланы қайтарып беруді сұраған

"Бала ауырса, ата-ана қарым-қатынасына мән бергені жөн": Ментальды ауытқуы бар адамдарды қалай емдеуге болады

Маман ментальды ауытқуы бар адамдарды еңбектің көмегімен емдеуге болатынын айтты

"Тығып қойған ақшамның бар екенін ұмыттым": бойжеткен миллиондап жинаған ақшаны аққұмырсқалар жеп қойды

Бойжеткен жергілікті банкке барып, бір миллион рупийін ауыстырып алды

Қатыгез балалар: Нұр-Сұлтан тұрғыны итті оны өлтіре жаздаған жасөпірімдерден құтқарды (видео)

22 тамыз күні 12, 10 және 7 жастағы төрт жасөспірімнің итті ағашқа байлап, ұра бастағандығы белгілі

Шымкентте Ұлттық гвардия жауынгерлері матч кезінде алаңға шығып, төрешіні қорғады

Футболшылар төрешімен сөзге келіп қалды

"Барма, әйтпесе түтіп жейді": Желіде Назарбаевтың кеншілердің алдында сөйлеген сөзінің видеосы пайда болды

Ол жылдары еліміздің тұңғыш президенті Қазақстан компартиясы ОК-нің хатшысы ретінде қызмет еткен

"Кез келген уақытта жарылып кете салуың мүмкін": Кеншілер еңбегін жоғары бағалауды сұрады

Ержан Қонақбаев: Алатын ақшамыз үшін шүкір, бірақ еңбегіміз бұдан да жоғары бағаланса жақсы еді

Қатерлі ісікке шалдыққан спортшыға шұғыл түрде донор қажет

"Тобол" клубының экс-футболистіне диагноз шамамен үш жыл бұрын қойылған
Çàãðóçêà...