6 жасар Лиза Пылаеваның өлімі: Қыздың әжесі сотта оған және ұлына 300 мың доллар ұсынғандар болғанын айтты
Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2019 жылы мерт болған 6 жасар Лиза Пылаеваның өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгінгі сот отырысында Лизаның әжесі Алла Пылаева сөйледі. Ол өзіне және ұлына таныстары арқылы ақша ұсынғандар болғанын мәлімдеді.
Фото: Stan.kz
Лизаның әжесі Алла Пылаева немересі қайтыс болған күнгі оқиғаларды айтып берді. Оның айтуынша, Лизаның денесі мәйітханаға жеткізілгеннен кейін олар оқиға болған үйге барған. Сол кезде полиция да келіпті.
"Ауланың бәрі су болды, олар бізді төмен түсірді. Мүсін кішкентай, ол үш метрдей жерде жатты. Рыжаков Ухтамның қолынан ұстап алып, не болғанын сұрады, оған жауап беруге көмектесті. Прокурор келіп: "Бәр қалай болды дәне қан қайда?" деп сұрады. Мүсіннің үстінде аздап қан болды. Рыжаков қайтадан Ухтабтан қыздың қалай, қайда жатқанын сұрай бастады. Сосын тағы 2 немесе 3 көлікпен 20-ға жуық адам келді. Оларды жоғарыға апарды, жоғарыны тексерді. Қан бар ма деп көрді, машиналарды тексерді. Криминалистер бізге қыздың киімін реттеуге көмектес деп сұрады. Біз қызыл көрпені жайдық. Сол кезде қыздың киімдері жыртылғанын көрдім. Киімде тесіктер бар, бірақ қан жоқ. Олар қара түсті BMW көлігін тексергенде оның алдыңғы дөңгелегінің астынан қан анықталды. Ақ Мерседестің ішінен қан тамшылары табылды, бұл Лизаны алып кеткен Рыжаковтың көлігі еді. Ал Маринаның үстінде ақ халат болған еді, бірақ қан болған жоқ. Саша көліктің мемлекеттік нөмірін суретке түсіргісі келді, бірақ Шмаков тұрып қалды. Көліктің тіркеу куәлігі кесілген болды. Олар көліктің біреудікі екенін, тіркеуден шығарылғанын анықтады. Мен біреудің "неге бәрін хлормен жуған?" деп айтқанын естіп қалдым", – деді Лизаның әжесі.
Алла Пылаеваның айтуынша, өзіне және ұлына таныстары арқылы ақша ұсынған.
"2020 жылдың ақпанында маған Дәметкен деген танысым жазды. Ол мені сағындым деді, мейрамханаға шақырды. Кездесейік деп айтып қоймады, содан бөтелкемен үйіме келді. Ішпейсің бе деп сұрады, бас тарттым. Ол маған шетелде демалуды ұсынды. "Жетер енді, әрі қарай өмір сүру керек. Ал саған ақша берсе ше?" деді. Біріншіден, Лиза Сашаның қызы екенін айттым. Ол болса "Оған 100 мың доллар берсе ше" деп сұрап, әңгімесін 300 мың доллармен аяқтады. Ол "Сендер бәрін ойластырып отырсыңдар, қыздың үстіне мүсін құлады" деді. Сосын мен оған фотоларды көрсеттім, ол шошып кетті. Ол: "Олар қандай адамдар, Шмаковтың әйелі қызды жаншып кеткенін біледі ғой", - деді. Мен мұны қайдан білгенін сұрадым. Ал оның бөлмелесі Шмаковтың досы екен. Әрине, мен мұндайды естуге дайын болған жоқ едім. Кейін ол бір жылдық асқа келді. Сол кезде "Олар сізге ақша бергісі келеді" деп айтты", – деді Алла Пылаева.
Іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-тармағының 14-бөлігі ("Кісі өлтіру"), 420-бабының 2-бөлігі ("Көрінеу жалған айғақтар, сарапшының, маманның қорытындысы немесе дұрыс аудармауы"), 432-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша қаралып жатыр.
- Ольга Шмакова ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 14-тармағы ("Адам өлтіру") бойынша айыпталып отыр.
- Леонарда Рыжаковаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 420-бабының 2-бөлігі ("Көрінеу жалған айғақ беру, сарапшының, маманның қорытындысы немесе дұрыс аудармау") бойынша іс қозғалды.
- Ал Ухтаб Махмудовға ҚР Қылмыстық кодексінің 432-бабы және 420-бабының 2-бөлігі ("Қылмысты жасыру") бойынша айып тағылды.
Еске салайық, Лиза Пылаева 2019 жылы жұмбақ жағдайда қайтыс болған еді. Оның өліміне қатысты сот отырысы әлі жалғасып жатыр.