Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Олар менің Майкл Джексон емес екенімді білмейді-ау": 50 Cent Алматыдағы ән сапарының әсерін бөлісті

Әлемге әйгілі рэпер 50 Cent Алматыға келген сәтін есіне алып, халықтың қошеметі мен ықыласын көріп, таңғалғанын жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: https://www.instagram.com/thefinallaptour/  

Өнер иесі былтыр қараша айында алматылық жанкүйерлермен жолығып, концерт берген еді. Әлемге белгілі рэпер қазақстандықтардың өзіне көрсеткен құрметі мен ықыласына қатты таңғалғанын айтты. Стивен Колберт Қазақстандағы жанкүйерлер шетелдік әртісті қалай қарсы алғаны туралы сұрады. Тележүргізушінің бұл сұрағына 50 Cent әзілмен жауап берді. 

“Алматыға сапар өте керемет болды. Олар менің Майкл Джексон емес екенімді білмейді-ау. Мені құдды Майкл Джексон секілді көріп, көліктің артынан жүгіргенде таңғалдым", – деді ол.



Еске салайық, 50 Сent-тің кепкасын қағып алған жігіт бір күнде танымал болғанын жазған едік. 

"Сату туралы ұсыныстар сағат сайын түсіп жатыр. Маған бір адам хабарласып, 20 миллион теңге ұсынды. Бас тарттым. Жаңа Hyundai көлігін де ұсынды, үлкен сомадағы ақшаны, сосын пәтерді ұсынды. Сату жоспарымда жоқ, бұл естелік қой. Кепкені өзіме қалдырамын. Оған арналған шыны бокс сатып алып та қойдым. Қазақстанда 50 Cent-тің кепкесі менде ғана бар, бұл керемет", – деген еді жанкүйер. 

@janymsoul22 #50cent #fyp #colbertlateshow #kazakhstan #🌟🌟🌟🌟🌟🌟 #🔝🔝🔝🔥🔥🔥 #😂😂😂 #🤩🤩🤩 #😍😍😍 #🇰🇿🇰🇿🇰🇿 #🕴🏻🤙🏻 #😎😏🤟 #🎞️ #😜😜😜 #🌠 #👑 #🤳🏻🌍 #👀👀 #🎬 #👋🏻 #🎙️ #🎵🎶 #🎇🎇🎇🎇🎇🎇🎇🎇🎇🎇🎇🎇🎇 #💥💥💥 ♬ оригинальный звук - 22💘
Талқылау