“Ол мені ұмытқан”: Қайрат Нұртас жауапсыз махаббат жайлы айтты
Қайрат Нұртас жауапсыз махаббат жайлы айтты. Әнші мұңды өлең оқып, оқырмандарын ойландырып қойды. Көпшілік әлі де әншінің жеке өміріндегі өзгерістерді түсінбей дал.
Қайрат Нұртас мұңды өлең оқып, желі оқырмандарын қызықтырып қойды. Көпшілігі мұны әншінің көңіл-күйіне байланысты деп топшылады.
“Ой, ой, ойламайтын күнің жоқ,
Ойлай берсең, түбі жоқ.
Ол мені ұмытқан,
Ол мені жылытқан.
Ой, ой, сенен ауыр көрмедім,
Неге маза бермедің.
Ол мені ұмытқан,
Ол мені ұмытқан.
Арасында тұманның,
Мен адасқан тұманмын.
Жақындама жыласаң,
Мен жаралы бір аңмын.
Мұңын шағып түнгі айға,
Бөрі жүрек тыңдай ма,
Сүлейменнің жүзігін қайта тағар күн қайда”, – деді Нұртас.
Бұған дейін әнші бейтаныс қызбен түскен суретін жариялап, екіұшты жазба қалдырған.
Желі қолданушыларының бірін жұлдызды отбасының жеке өмірі алаңдатып қойды. Енді бірі мұный қарапайым арзан хайп екенін айтып жатыр.
“Жеке өміріне сызат түскені анық”, “Кеше ғана қосылып еді ғой”, “Бұл әннің мәтіні ғой жай ғана”, “Неге жыр қылады бұларды, кім ажыраспай, кім қосылмай жатыр”, “Халық қызыққан сайын хайп қуып болды”, – деп жазды желідегілер.