"Оған бұл атақ өмір бойына берілген": Қазақстандық саясаттанушы Назарбаевтан академиялық атағы алынбайтынын мәлімдеді
Саясаттанушы, тарихшы Данияр Әшімбаев желіде Назарбаевтан академиялық атақ алынбайтынын айтты. Айтуынша бұл атақты оған ҚазКСР Ұлттық ғылым академиясы өмір бойына берген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: nazarbayev.kz
Қоғам белсендісі өзінің Telegram арнасында Назарбаевтың академиялық атағына байланысты мәселені тарихи түрде түсіндіріп берді.
“Кейбір басылымдар Назарбаевтың "академик атағынан айырылғанын" қуана жазды. Мен бір нәрсені нақтылағым келеді. Назарбаев Ұлттық ғылым академиясының академигі болып сайланды. 1946 жылы ҚазКСР ғылым академиясы құрылып, 1993 жылы ол Ұлттық ғылым академиясы болып өзгертілген еді”, – деді ол.
Айтуынша 1999 жылы Ұлттық ғылым академиясы қайта құрылған. Ал 2003 жылы президенттің жарлығымен Қазақстан республикасының Ұлттық ғылым академиясының құрылуы мақұлданған. Кейін мұнда қайтадан жаңа академиктер мен мүшелер сайланған.
“2022 жылы президент пен президент аппаратының бастамасымен академиктерсіз ҰҒА КЕАҚ құрылды. Дегенмен бұл ескі ұйым академиктері тарапынан қарсылықтарды тудырды. Бұл мәселе КЕАҚ президентті ауыстырғанға дейін және академиктерді сайлаудың жаңа ережелерін қабылдағанға дейін бір жарым жылға талқыланды”,- деп қосты ол.
Данияр Әшімбаев осы тұста КЕАҚ-тың алғашқы жаңа академиктері туралы хабар болмағанын алға тартты. Мұнда (президент және оның екі вице-президенті) тағы 8 академикті сайланған.
“Ғылым және жоғары білім министрлігінің бекіткен ережесіне сәйкес, бұрын сайланған академиктер “құрметті академиктер” мәртебесін алады. Сондықтан, егер біреу Назарбаевтың академик атағынан "айырылғанын" қуана жазса, онда оның көңілін қалдыруға тура келеді. Себебі Назарбаев ондаған басқа академиктер сияқты (соның ішінде Сәтбаев, Қонаев, Әуезов, Айтхожин және басқалар) ҚазКСР Ғылым академиясы /Қазақстан республикасының Ұлттық ғылым академиясының “академигі” болып қала береді. Ол бұл атаққа өмір бойы сайланғанын еске саламын. Ал қазіргі құрылған академияда әрине, өзі қалғысы келсе, құрметті академик болып қала алады”, – деп қорытты ол.
Еске салсақ, бұған дейін ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлттық ғылым академиясының мүшелігінен алынып тасталғанын айтып еді.