"Бұл әрекетке қарызын қайтару үшін барған": Алматы облысында көрші қыздың аузы мен қолын байлаған әйел іздестіріліп жатыр
Алматы облысында баланың аузы мен қолын байлап, қараусыз жерге апарған әйел көршісі болып шықты. Ол бұл әрекетке қарызын қайтару үшін барған болуы мүмкін. Бұл туралы балалар омбудсмені Динара Закиева айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның айтуынша, қыз бала табылған. Баламен мектеп психологы жұмыс істейтін болады.
“Видеодағы әйел көршісі болып шықты. Қыздың анасы көрші әйел баланы қараусыз қалған ғимараттың аумағына апарып, алақанымен бетінен ұрғанын айтты. Бұл туралы анасына айтып барсын деген. Анасының сөзінше, бұның себебі олардың ақшалай қарызы болуы мүмкін.Көрші әйел ауылдан кетіп қалған, оны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр”, – деді ол.
Бұған дейін желіде баланың аузын және қолдарын айқастырып матамен байлап, көшеде ертіп жүрген бейнежазба тараған болатын. Бұл көрініске куә болған ер адам оларды сыртынан жасырып бейнежазбаға түсіріп алған.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн