Алматы облысында әйел көшеде баланың аузы мен қолдарын байлап, қорлаған: Желіде бейнежазба дау тудырды (видео)
Желіде баланың аузын және қолдарын айқастырып матамен байлап, көшеде ертіп жүрген бейнежазба тарады. Оқиға Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылында болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Баланы қорлаған әйелдің әрекеті желі қолданушыларының шамына тиді. Олар қаскөйді тауып, оны жазалауды сұрайды. Әйел адам қыз баланың қолын айқастырып байлап, аузын матамен жапты да, жетектеп, көшенің бұрышына алып кеткен. Ол қызды белгісіз аймаққа алып бара жатқаны көрінеді.
Бұл көрініске куә болған ер адам оларды сыртынан жасырып бейнежазбаға түсіріп алыпты. Көпшілік күдіктіні анасы деп топшылағанымен, Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева жағдайға түсініктеме беріп, әйел олардың көршісі екенін айтты.
“Бала табылды, ата-анасының жанында. Балаға қол көтерген әйел сол үйдің көршісі екен. Әйелдің орналасқан жерін анықтау бойынша жұмыстар атқарылуда”, – деді Закиева.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан