"Ол бәрін қорқақтықпен жасады": Бишімбаев соты бойынша жәбірленушінің адвокаты Байжановтың сөзін жоққа шығарды
Әйелін аяусыз ұрып өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысында жарыссөзден кейін бір-біріне қарсылық білдіру кезеңі басталды. Жәбірленуші тараптың адвокаты Дамир Ишмаметов сотталушы Бақытжан Байжановтың сөздеріне қарсылық білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қылмысты жасырды деп айыпталған Бақытжан Байжанов жарыссөзде “қылмысты жасырып жатқанымды түсінбедім” деп түсіндірді. Сөзінше, қылмысты жасыру ниеті болса, біреуге тапсырма бермей-ақ, өзі камера жазбаларын өшірер еді.
Бұл сөзге жәбірленуші тараптың адвокаты Дамир Ишмаметов қарсылық білдірді. Сөзінше, керісінше, осы арқылы сытылып кеткісі келген.
“Керісінше, Байжанов бәрін қорқақтықпен істеді. Ол осы жағдайдан таза боп шығу үшін ғана қол астындағыларға тапсырма берді. Бишімбаевтың сөзін де қорқақ болғандықтан орындады”, – деді адвокат.
Бұған дейін Бақытжан Байжанов шындық деректорынан өтуге дайын екенін мәлімдеді.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”