Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ол – әнші емес": Димаш Құдайберген туралы пікір айтқан емшінің сөзі қызу талқыға түсті

Әлеуметтік желіге Димаш Құдайберген туралы айтқан емшінің пікірі тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Желіде Бибігүл есімді емші өнер иесіне қатысты тың ой жариялады. ТікТок-та Нұрбек Жағыпаров есімді қолданушы видеоны бөліскен. 

“Мен көбіне теледидар қарамаймын. Әншілерде шаруам да жоқ. Бір күні дәрет алу үшін сыртқа шығып бара жатып, теледидардан біреу ән айтып тұрғанын көрдім. Кім екенін білмеймін, бірақ, кейін оның Димаш Құдайберген екенін білдім. Сол сәтте менің құлағыма бір дауыс келді: "Бұл – әнші емес” деп біреу сыбырлағандай болды. Димаш әнші емес, ол – Алланың қалауымен бүкіл халықты біріктіруге жіберілген миссионер. Оның міндеті басқа. Бірақ әнімен адамдарды емдей алады. Өйткені даусының өзі жанға шипа", – дейді емші әйел.



Еске салайық, Димаш Құдайберген қатерлі ісікке шалдыққан жанкүйерінің соңғы арманын орындағанын жазған едік. 

Желі қолданушысы Мұхан есімді күйеуінің қатерлі ісікке шалдығып, Алматыдағы онкологиялық ауруханада ұйқы безіндегі метастаздарды алып тастау үшін отаға дайындалып жатқанын айтады.

“Димаш Мұханға денсаулық тілеп, келесі концертіне шақырып, қонақтардың қатарында отыруын сұраған. Әттең, тағдырдың жазуы солай болды. Мұхан араға тура екі ай салып, дүниеден озды”, – деп жазды желі қолданушысы.

@turbo_nurba

 

♬ original sound - Нурбек Жагипаров
Талқылау