Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Оқжетпес" командасының 19 жастағы футболшысы көз жұмды

Көкшетау футболының 19 жасар шәкірті және «Оқжетпес» жастар құрамасының ойыншысы Роман Зюзин қайтыс болды.

Бұл туралы команданың ресми сайтында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Достарымыздан және туыстарымыздан айырылу өте ауыр. Жас, дені сау және мықты жігіттерден айырылу, бұл екі есе ауыр. «Оқжетпес» футбол клубы Роман Зюзиннің қайтыс болуына байланысты туыстары мен достарына көңіл айтады! Роман - Көкшетау футболының тәрбиеленушісі және «Оқжетпес» жастар құрамасында ойнады", делінген хабарламада. 

Футболшының қаза болу себептері туралы әлі хабарланған жоқ. Осы маусымда Зюзин «Оқжетпес» жастар командасында Қазақстанның екінші лигасында ойнады, онда ол 14 матч өткізді. Матчта 1 гол соқты.

Талқылау