Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Оқу құжаттарын дүкенге келіп өткізген": Үшарал қаласында ғимаратсыз колледжде онлайн оқып келген студенттер шағымын айтуда

Алматы облысы Үшарал қаласындағы тіс дәрігерлері, медбикелер мен фармацевтерді оқытатын “Талант медициналық колледжінің” қағаз жүзінде атауы болғанымен ғимараты жоқ болып шыққан. Екі жыл онлайн білім алып келген студенттерді енді ешбір медициналық орталықтар тәжірибеден өтуге қабылдамауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Осы уақытқа дейін пандемияны сылтауратып онлайн оқып келген студенттерге бұл оқу орынынан айналдырған үш мұғалім дәріс берген. “Талант медициналық колледжінің” басшылығы – ерлі-зайыпты азаматтар. Студенттер осы азаматтар бізді алдады деп шағымдануда. Себебі оқу ордасы ашылғалы бері бірде бір ғимараты болмаған. 

“Бірінші жылы ғана онлайн оқисыздар. Кейін сіздерге ғимаратты жалға алып беретін боламыз деген. Сол үшін 260 мың теңгенің 210 мыңын оқуға, 50 мыңы ғимарат жалдауға деп төлеген болатынбыз. Бізге үш-ақ мұғалім төрт-бес сабақтан берді”,- деді “Талант-К” медициналық колледжінің студенті Құралай Кәкімжанова.

Ал колледждің құрылтайшысы Әсел Омарованың айтуынша бұл жалған ақпарат. Оқу орынында 3 емес, 18 ұстаз қызмет ететінін жеткізді. 

Студенттер алғаш құжат тапсырар кезде дүкенге келіп өткзген. Есік сыртына “Талант” колледжі деп мамандықтар тізімі мен қабылдау құжаттарын жазып қойған мекеме талапкерлерді оылайша қабылдаған. 

“Мен осы дүкеннің иесімін. Кейде дүкенді жалға беріп тұрамын. Ерлі-зайыптылар маған бұл оқу орынын Алматыда ашылды деп айтқан болатын. Алайда студенттер екі жылдан бері онлайн оқыдық деп шағымданып жатыр екен”, –  деді тұрғын Ләззат Ермұзанов. 

“Бізде үш түрлі білім беру тәсілі қарастырылған. Қашықтықтан оқылып жатыр. Менің қазір сұрайтыным әкімшілік бізге аудандық ауруханалардан дәрігерлерді бөліп, сол жерден арнайы тәжірибеден өтетін бөлмелер бөліп мүмкіндік жасап берсе екен. Кейін емтихан болады. Балалар демалысқа шығады. Содан соң біз келісімшартқа қайта отырып, жалға ғимараттар қараймыз. Келесі жылы қыркүйекте бәрін нақты ойластырамыз”, – деді колледж директоры Талант Омаров. 

Аудандық аурухананың бас дәрігері болса, тапқа сай келмейтін жағдайда білім алған студенттерді тәжірибеден өткізуге қабылдай алмайтынын айтады. 

Алакөл ауданының әкімшілігі колледж басшылығының жер сұрағанын, алайда конкурс жарияланбағандықтан нәтиже болмағанын айтады. Үшарал бойынша оқитын 118 студент құқық қорғау орындарының кешенді тексеру жүргізгенін сұрауда.

Талқылау